« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Қызылорда қаласындағы Жібек жолы даңғылының атауын Нұрсұлтан Назарбаев есімімен ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Көшелерге Тұңғыш Президент есімін беру жөніндегі бастама еліміздің басқа қалаларында да көтеріліп, көпшілік оны құптайтынын білдіріп жатыр. Мен де мұны Нұрсұлтан Назарбаевтың талай жыл ішіндегі ерлікпен пара-пар еңбегіне көрсетілген құрмет деп есептеймін.
Ұлт Көшбасшысы тәуелсіздік алған уақыттан бастап Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасуы, шекарасын бекіту, елде тыныштық пен келісімнің салтанат құру жолында айтарлықтай еңбек сіңірді. Алмағайып заманда ел тізгінін қолына ұстаған Нұрсұлтан Назарбаев 30 жылға жуық уақытта Қазақстанның әлемге танылуына өлшеусіз үлес қосты. Тұралап қалған экономиканы аяғынан тік тұрғызып, елдің еңесесін көтерді.
Бүгінгі жас ұрпақ тыныш әрі бейбіт заманда, ашық аспан астында өмір сүруіміздің себебі сұңғыла саясаткер, көреген басшы – Ұлт Көшбасшысының қабылдаған сәтті шешімдерімен байланысты екенін біліп жүруі тиіс. Депутаттар қабылдаған шешім осы ретте орынды болды дер едім.
Райкүл БАЙНАЗАРОВА,
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы
облыстық комитетінің төрайымы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |