Қазақтың көсемдігін, көшелілігін көрсетеді

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның тарихын түгендегенде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін айналып өту мүмкін емес.

Отызжылдық жылнаманы парақтайтын болсақ, әрбір ұлы істің дәргейінде ұлт көсемінің есімі жазылып тұрады. Өйткені мемлекет тарихының бір тұлғамен тоғысып, соған ғана байланысты болатын сәттері өте сирек кездеседі.

Тұңғыш Президенттің «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында ұлы дала көсемдері мен тұлғалары туралы байлам бар. Демек, біз осы замандағы ұлттың ұлы тұлғаларын ұлықтау керектігін естен шығармауымыз керек. Солардың бірі – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Ғасырлардың саусағындағы алтын жүзіктей болған Астананың авторы – Тұңғыш Президент. Ол ел ордасының топонимикалық немесе географиялық құрылымында ғана емес, бас қаланың Алматыдан Астанаға көшу тарихында да басты тұлға болып қала береді. Өйткені астана қай уақытта да мемлекеттің эпицентрінде болуы тиіс.

Сондықтан бас қаланы Нұрсұлтан атауымен ауыстыру, Ұлт Көшбасшысының есімін осылай ұлықтау қазақтың көсемдігін, көшелілігін көрсетсе керек. Ұлы даланы биіктеткен ұлы тұлғалардың мәртебесін асқақтату – елдің оған шексіз құрметінің белгісі деп есептеймін.


Шаһизада ӘБДІКӘРІМОВ, 

Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясының құрылтайшысы.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 наурыз 2019 г. 650 0