Қасым-Жомарт Тоқаев Президент өкілеттігін атқаруға кірісті

Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Республика Президенті өкілеттігін уақытша атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президент куәлігі, омырауға тағатын белгісі және байрағы, «Алтын қыран» ордені тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
 «ҚР Конституциясының 48-бабына сәйкес, Сізге Президент куәлігін, омырауға тағатын белгісін және байрағын, «Алтын қыран» орденін тапсыруға рұқсат етіңіз», - деді ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев. 


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 наурыз 2019 г. 365 0