Тарихи күн

          Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа жариялаған Үндеуінде өзі үшін де, еліміз үшін де маңызды шешім қабылдап, өкілеттілігін тоқтату жөнінде айрықша мәлімдеме жасады.

         Біз несібесін маңдай терімен тапқан, ұлан ғайыр атырапты игеріп жатқан қарапайым шаруашылық иелері Н.Ә.Назарбаевтың әрбір Үндеуі мен бастамасын оң қабылдаймыз.

         Себебі, Ұлт көшбасшысы қашанда сын сағатында нық шешім қабылдап, халықтың жағдайын жақсарту, елдің тыныштығын қамтамасыз ету бағытынан жаңылған емес.

         Осыған дәлел, Тәуелсіздігімізге қол жеткізген жылдар ішінде Елбасының сарабдал саясатымен жүздеген жарқын жобалар, мыңдаған маңызды істер өз шешімін тапқанын көзіміз көріп келеді.

         Сондықтан, елдің болашағы алдағы уақытта да, жарқын, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Елтаңбамыз еңселі болатындығына кәміл сенімдімін.



Бауыржан КӨПЕЕВ,

 «Төңкеріс ИК» шаруа қожалығының төрағасы 

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 наурыз 2019 г. 344 0