« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Сырбойылық диқандар 10 наурыздан бастап ерте көктемде егілетін дақылдарды егуді қолға алды.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, шаруашылық құрылымдары осы кезге дейін 5143 гектар ескі жоңышқаны, 521 гектар күздік бидайды тырмалады. Ал, 200 гектар жерге жаңа жоңышқа, 100 гектар жерге жаздық бидай екті. Жалпы, биылғы меже 178,6 мың гектар болса, соның 85,8 мыңы – күріш. 93,5 мың гектарға дәндi, 7,2 мың гектарға майлы, 60,7 мың гектарға мал азығы түріндегі, 17,2 мың гектар жерге бақшалық дақылдар егіледі.
Көктемгі дала жұмысы үшін қажетті минералды тыңайтқыштар мен гербицидтер сатып алу, техника жаңалау сияқты шаруалар кестеге сәйкес жүзеге асып жатыр. Шаруашылықтар биыл «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 2 млрд теңге қаржы есебінен лизингке 45 техника алмақ. Көктемгі егіс және дала жұмысын жүргізу үшін арзандатылған бағамен 14 мың тонна дизель отыны бөлінді. Оның әр литрі шаруашылық құрылымдарына 174 теңгеден жеткізіледі.
Мамандар дақылдарды егу, тұрақты суару үшін 4,2 млрд текше метр су керек екенін айтып отыр. Соңғы мәліметке қарағанда, «Шардара» су қоймасына жоғарыдан секундына 593 текше метр су түсуде. Қоймадағы су көлемі 4,7 млрд текше метрді құрап, төменге секундына 270 текше метр су тасталуда. Оның 200 текше метрі «Көксарай» су реттегішіне жиналуда. Бүгінгі күні «Шардара» мен «Көксарайда» 6,8 млрд текше метр су жиналды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 508 млн текше метрге артық.
Қазіргі күні көктемгі дала жұмысының алғашқы қадамы басталды. Ал негізгі дақыл – күріш 25 сәуірден кейін егілмек.
Назерке САНИЯЗОВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |