« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Кеше «Достық үйінде» облыстық ҚХА-ның ұйымдастыруымен Наурыз мерекесіне орай “Шұғылалы көктем шуағы” атты көпбалалы аналармен мерекелік кездесу өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Бибігүл Үмбетова, ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова мен еңбек ардагерлері, облыстық, аудандық Аналар кеңестерінің мүшелері, көпбалалы аналар және этномәдени бірлестік мүшелері қатысты.
Шара “Күнікей” балабақшасы бүлдіршіндерінің жылы лебіздерінен бастау алды.
Мұнан соң облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов барша аналарды мерейлі мерекемен құттықтады.
– Ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры. Өмірде ер азамат үшін анасынан асыл, әжесінен ғазиз, апа-қарындастарынан ардақты, қызынан сүйкімді, жарынан сүйікті жан болуы мүмкін емес. Сондықтан ананың мәртебесі қазақ халқы үшін қашанда биік.
Сұлулық пен нәзіктіктің иесі әйел – отбасы мен қоғамның айнасы. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Кез келген мемлекеттің жеткен биігі, мәдениеті, оның әйелге деген көзқарасымен өлшенеді», – деп атап көрсетуі, әйелдердің бүгінгі қоғамдағы ерекше орнын білдіреді. Шаңырақтың берекесін кіргізіп қана қоймай, елдіктің жүгін ер адамдармен бірдей арқалап келе жатқан сіздерге деген құрметіміз шексіз. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, босағаларыңызға бақ-береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін. Мереке көңілдеріңізге шырайлы шұғыласы мен шуақты шапағатын шаша бергей, – деді.
Басқосуда қатысушылар отбасылық құндылықтар, салт-дәстүр, қоғамды қалыптастырудағы ананың рөлі туралы өнегелі ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, ұйымдастырушыларға ыстық ықыластарын білдірді.
– Бүгін көктемнің шуақты күндерінде аналар қауымына құрмет көрсетіліп жатыр. Бізге көрсеткен ілтипаттарыңызға алғыс білдіреміз. Әрдайым еліміз тыныш, бейбітшілігіміз баянды болсын, – деген білім саласының ардагері Мұқаш Жүсіпқызы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келген балалық шағын, сол кезде көрген қиындықтарын айтып, сол қиыншылықты кейінгі ұрпақтың көрмеуін тіледі. Сондай-ақ, қазіргі жастардың бақытты ұрпақ екенін жеткізді.
Өз кезектерінде Виктория Юн мен қармақшылық көпбалалы ана Марал Мухлисова да қазақ еліне, халқына деген алғыстарын білдіріп, ел бірлігі жолында адал еңбек ететіндіктерін тілге тиек етті.
Шара соңында облыс әкімінің орынбасары көпбалалы аналарға марапат тапсырды.
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |