Қырымбек Көшербаев: "Нағашыларымның аулына барып, кірпіш құятынбыз"

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жастармен кездесуінде баланы өмірге құштар, еңбекке икемді етіп тәрбиелеу керегін айтты.

- Бала кезімізде жаз басталса, Жалағашта тұратын нағашымның үйіне барып, кірпіш құятынбыз. Мұндайда інім «басқа ауданның бірінші хатшыларының балалары "Артекте" жүр» деп айтып қалатын. Ал біз қонақ келсе, жағдайын жасап, самаурын қайнатумен әуре боламыз. Бірақ бала күнімде бізді әкем мен анам осылайша еңбек етуге тәрбиелеген екен ғой, - деді аймақ басшысы.

Кездесуде оқушы күнінде әдебиет пен математика пәндерінен үздік болғанын да айтып берді. Тіпті 4-сыныптан бастап «Лениншіл жас», «Балдырған» басылымдарына өлең, эсселері жарияланып жүрген оқушы Қырымбекті әдебиет пәнінің мұғалімі "ақын болады", математика оқытушысы "есепке жүйірк маман болады" деп дауласып, бір-бірімен келіспей де қалады екен.


Айдана ЖҰМАДИНОВА.

Фото: көрнекі сурет
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 наурыз 2019 г. 1 155 0