« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылордада Масленица мерекесі тойланды. Қысты шығарып салып, көктемді қарсы алатын славян халықтарының ежелгі ұлттық мейрамына облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының, этномәдени бірлестіктің мүшелері мен қала тұрғындары қатысты.
«Достық үйі» алдында дәмге толы дастархан жайылып, этномәдени бірлестік мүшелері ән айтып, би биледі. Әсіресе, «Надежда» және «Сударушки» вокалды ән топтарының әндері, «Жемчужинка» және «Адажио» би топтарының флеш моб билері бұл күннің шырайын аша түсті. Сондай-ақ, тәттілер мен құймақтар көрмесі ұйымдастырылып, қонақтарға шай ұсынылды. Оған қоса алуан түрлі ойындар мен спорттық сайыстар мерекеге жиналғандарға ерекше көңіл күй сыйлады. Ал, ұлттық киім киген қауым думанның ажарын кіргізді. Сонымен бірге қуыршақты жағу рәсімін де көпшілік қызыға тамашалады.
– Масленица – жаңғыру мерекесі. Яғни, қыс аяқталып, жайма шуақ көктемді қарсы алатын күн. Наурыз мерекесіне өте ұқсас келеді. Бүгінгі күнді барлық ұлт пен ұлыс бір шаңырақ астында айрықша ықыласпен тойлап жатыр. Бірлігіміз бен ынтымағымыз жарасып, берекеміз арта берсін, – деді “Славяне” қоғамдық-мәдени бірлестігінің жетекшісі Г.Щербакова.
Айта кету керек, Масленица – бір күн емес, апта бойы тойланады. Әрі бұл күнді тойлаудың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, дүйсенбі – кездесу күні, сейсенбі – ойын ойналады, сәрсенбі – тәтті тамақ пісіріледі. Ал, бейсенбі күні серуенге шықса, жұмада қайын ененің үйінде қонаққа барады. Мерекенің соңғы күні «кешірім сұрау күні» деп аталады. Ол күні бір-бірінен кешірім сұрап, ренжіскендер бір-бірімен татуласады.
Мейрамгүл ОТАРАЛЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |