« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Батыс елдерінің бірінде ерекше заң бар екен. Талап мынадай: әйел адам мемлекеттік қызметке 40 жастан бастап қабылданады. Төркіні белгілі, әйел алдымен тұрмыс құрып, бала тәрбиесіне мән беріп, болашақ тұлғаны қалыптастыруды ойлауы керек. Біздің елде мұндай заң жоқ, бірақ қоғам алдындағы абыроймен қатар әйел, ана ретінде отбасындағы жауапкершілікті жоғары қойған нәзік жандар аз емес. Солардың бірі – Махаббат Кенебаева.
Елден ерекшелейтіндей несі бар дерсіз?! Махаббаттың алты баланы өмірге әкеліп әрі мемлекеттік қызметте мерейлі болуы көз қуантып, көңіл сүйсінтеді. Бүгінде ол – статистика департаменті қаржы, құрылыс және инвестициялар басқармасының бас маманы.
– Әйел болу – Алланың сынағы әрі баға жетпес сыйы. Шаңырақтың бірлігі, дастарханның жомарттығы оның ниеті мен пейілінде. «Ұлтты қыз сақтайды» деген ел бойжеткенге мұны үйретумен қатар өз ісімен үлгі болған. Бақыт қарапайым дүниелерден құралады, бағаласаң ғана баянды. Балалардың мектептен келе сала қуана сөйлеуі, көздері жалт-жұлт етіп өз әсерімен бөлісуі – ең тәтті кезең. Бұл шақты ештеңе қайтарып бере алмайды. Бұл – нағыз өмір. Мен он тоғыз жаста тұрмысқа шығып, көпбалалы отбасындағы үшінші келін атандым. Енем – 10 баланың анасы. Тіпті, алғашқыда төрт отбасы бір шаңырақта өмір сүріп, алты жылдан соң менен кейінгі келін босаға аттағасын ғана енші алдық. Енемнен алған тәрбием, отбасындағы береке, бауырлардың бір-біріне деген жанашырлығы бірнеше сәбидің анасы атану қиындық емес, бақыт екенін ұқтырды. Мемлекеттік қызметке бес баланы дүниеге әкелген соң ғана келдім, – деді ол.
Махаббат еңбек жолын сол кездегі Сырдария ауданы Абай ауылында күрішші болып бастап, мұнан соң Қызылорда қаласына қарасты Қосшыңырау ауылдық округі әкімдігінде маман болып, облыстық статистика департаментінде жетекші маман қызметін атқарған. Ал 2007 жылы аттестацияның оң қорытындысы бойынша бас маман қызметіне жоғарылады.
Айдана ЖҰМАДИНОВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |