Байқоңырда қазақстандық меморгандар тізбесіне тағы 10 құрылым қосылады

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Хаттамаға 2016 жылғы желтоқсанда Санкт-Петербор қаласында қол қойылды.
«Хаттама Қазақстанның Байқоңыр қаласында жұмыс істейтін мемлекеттік органдар тізбесіне қосымша еліміздің 10 мемлекеттік органдары бөлімшелерін қосуды көздейді. Олардың арасында қазынашылық комитетінің бөлімшесі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Шекара қызметінің бөлімшесі мен басқа да органдардың бөлімдері ескерілген. Бұрын бұл келісімде Байқоңыр қаласында тек 8 мемлекеттік орган бекітілген, яғни сот, прокуратура, аэроғарыш комитетінің бөлімшесі, Байқоңыр кешеніндегі ҚР Президентінің арнаулы өкілі және басқа да органдар қамтылған еді» - деді ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар ЖұмағалиевА. Жұмағалиев.

 

 

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 наурыз 2019 г. 382 0