« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Күні кеше фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланған «қызылордалық тәртіп сақшылары әйелді ұрып-соқты» деген ақпарат расталған жоқ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық полиция департаментінің бастығы Қайрат Мұхитов мәлімдеді.
Наурыздың 4-нен 5-не қараған түні Алматы қаласының тұрғыны Құрал Сейітханұлы фейсбукте Қызылорда қаласы әкімінің қабылдауы кезінде құқық қорғау органдары тарапынан бір азаматшаға қысым көрсетілгені туралы сол азаматшаның шағымы негізінде жазба қалдырған. Дерек бойынша бүгін полиция департаменті, жергілікті полиция қызметі және облыс әкімдігі басшыларының қатысуымен брифинг ұйымдастырылды.
– Бұл ақпарат түнде жарияланды. Әлеуметтік желілерде департаменттің баспасөз қызметі ақпаратқа байланысты тексеру жұмыстары басталғандығы туралы жазба қалдырып, жауап берді. Тексеру нәтижесінде дерек расталған жоқ, – деді Қ.Мұхитов.
Департамент бастығы жалған ақпарат таратқан азаматтар Қылмыстық кодекстің 274-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.
Осыған ұқсас оқиға 2016 жылы да болған еді. Қытайда тіркелген жағдай Қызылорда қаласында болған делініп, ер азаматтың мәйітінің суреті әлеуметтік желілерде таралып кеткен сол кезде. Алайда, ақпарат расталмай, жарияланым авторы, Алматы қаласының тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Брифинг барысында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Серік Шотаев азаматтардың әрбір өтініші жергілікті атқарушы органдардың ерекше бақылауында екенін баса айтты.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |