"Адалдық дүкені" - облыс әкімдігінде

Қызылорда облысының әкімдігі мемлекеттік мекемелер арасында бірінші болып «Адалдық дүкенін» ашып, жұмысын бастады.

Дүкенде бақылып тұрған сатушы да, бейнекамера да жоқ. Сатып алушыға өзінің ұяты мен тәрбиесі таразы. Облыс әкімдігі іс басқармасының директоры Қайрат Абсұлтанов: 

- Облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ұсынысы негізінде әкімдік ғимаратында "Адалдық дүкенін" ашып отырмыз. Мұндай жүйе дамыған мемлекеттерде кеңінен қолданылады. Жалпы, дүкендердің қызметі қоғамдық сананы өзгертуге, қызметкердің жұмысы мен оның қызметін шыншылдық негізінде қалыптастыруға және жалпы адалдыққа шақыруға бағытталған", - дейді.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 наурыз 2019 г. 538 0