СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУ

Бүгін Арал ауданында ҚР Парламент Сенатының депутаттары Мұрат Бахтиярұлы мен Бекмырза Еламановпен кездесу өтті.
Ауданға арнайы іс сапармен келген Сенат депутаттарының негізгі мақсаты – Елбасының Қазақстан халқына «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасын жүзеге асыруда туындайтын мақсаттар мен міндеттерді өңірлерде ақпараттық – насихаттау.
Жиынды аудан әкімі Мұхтар Оразбаев алдағы жүргізілетін жұмыстардың бағыт-бағдарына тоқталды. Парламент Сенатының депутаты Бекмырза Еламанов елiмiздi одан әрi дамытуда, бағдарламаны өңірлерде жүзеге асыруда сапалы заңнамалық қамтамасыз етудiң маңызды екенiн атап, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңнамаларға тоқталып өтті. Ал, Мұрат Бақтиярұлы әлеуметтік мәселелерге, ішкі миграция, инфрақұрылым, жастардың жұмыссыздық мәселелері жөнінде пікірін білдірді. Жиын барысында қатысушылар сөз алып, халық қалаулыларына ұсыныстарын жеткізді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 наурыз 2019 г. 867 0