« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
2008 жылдың 28 ақпанындағы қайғылы оқиға республикадағы бірде-бір адамды бейжай қалдырған жоқ. Облыс аумағындағы су тасқынынан қорғау мақсатындағы іс-шаралар барысында Сырдария өзені үстінен бақылау үшін ұшып өткен ҚР ТЖМ «Қазәуеқұтқару» ММ-нің «МИ-8» тікұшағы Жалағаш ауданы аумағына құлаған болатын.
«МИ-8» тікұшағы апаты алты адамның өмірін жалмап кеткен болатын. Сол күні қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза болғандар қатарында департамент бастығының орынбасары полковник Қазбек Төреманов, журналист Сағитжан Бермағамбетов, ұшқыштар Виталий Глазунов, Нұрлан Құмаров, Фахретдин Оңғарбаев және Ғалым Нұрмағамбетов бар еді.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жыл сайын тікұшақ апатынан мерт болғандарды еске алу күнін өткізіп келеді. 2019 жылдың 28 ақпанында қайғылы оқиға орын алған жерде орнатылған мемориалдық тақта алдындағы еске алу шарасы бір минуттік үнсіздік жариялаумен басталды. Одан соң әруақтарға арнап Құран бағышталды.
Еске алу шарасында Қызылорда облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов, Қызылорда облысы ТЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы, ТЖД бастығының кеңесшісі Тұңғышбай Ботабаев, қаза болған Қазбек Төремановтың туыстары мен жақындары қатысып, сөз сөйледі.
Одан соң Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен қаза болғандардың туыстары Жалағаш ауданында орналасқан «Ұрпаққа үлгі есімдер» мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қойды.
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |