Бұл жай ғана сөз емес

"Нұр Отан" партиясының съезінде Елбасы – партия Төрағасы ұйымның алдағы онжылдық жоспарын бағдарлап, жолын көрсетіп берді. Бізге керегі – тек осы бағытқа сай жұмыс істеу. 
Жиында қаралған ең елеулі мәселелердің бірі – әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін көмек, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау болды. Бұл жай ғана сөз емес, нақты қаражат бөлінген.  
Өзім еңбек ететін медицина саласына тоқталсам, Қызылорда облысындағы алғашқы медициналық көмек көрсету көрсеткіші қазірде 43 пайызды құ­райды. Соны 60 пайызға дейін жеткізу – алға қой­ған үлкен міндет. Міне, осыған байланысты істер атқарамыз.  
Биыл «Нұр Отан» партиясы­ның 20 жылдығы. 20 жылда атқарған нақты нә­тиже – еліміздің өркендеуіне партияның, ондағы мүше­лердің қосқан елеулі үлесі.
Сонымен қатар Қазақ­станның дамуында нұротандықтардың еңбегі зор.  Бүгінгі айтылған, күн тәртібінде қаралған мәсе­лелерді шешуге, алдағы 10 жылдыққа, оның ішінде 2021 жылға дейінгі орындалатын тапсырмаларға Ұлттық қордан қосымша қаражат бөлінуі – үлкен қамқорлық, нақты бастама және елге көмек.

Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА, 
облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 ақпан 2019 г. 499 0