« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Нұр Отан» партиясының XVIII съезін ел өміріндегі ең басты оқиға дер едім. Өйткені ол, ең алдымен, партияның жиырмажылдық белесімен тұспа-тұс келді. Екіншіден, соңғы уақытта халық арасында көп көтерілген мәселелерге тұшымды жауап берді.
Елбасының тапсырмасына сәйкес халықтың әл-ауқатын көтеруге, көп балалы аналарды қолдауға, ауылдар арасындағы жолдарды жөндеуге орасан зор көлемде қаражат бөлініп отыр. Съезде бюджет шығысының 45 проценті әлеуметтік салаға бағытталатыны айтылды. Әсіресе, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға, мүгедек балаларға, олардың асыраушыларына арналған жеңілдіктер, сонымен қатар, бюджеттік сала қызметкерлері жалақысының 1 шілдеден бастап 30 процентке көбейетіні – жақсы жаңалық.
Елбасы Үкіметке «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрмыстық жағдайы төмен көпбалалы отбасылар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы тұрғын үй салуды тапсырды. Айта кетейік, бүгінгі күні аймақта әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналған «Орда» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Облыс әкімдігінің қолдауымен басталған бағдарлама баспанаға мұқтаж азаматтардың белгіленген санаттарына арналған. Жалпы, тұрғын үй құрылысының қарқыны жөнінен Қызылорда алдыңғы қатарда тұр. 2013 жылы облыста 270 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, 2018 жылы бұл көрсеткіш 700 мыңға дейін артты. Президенттің съезде жүктеген тапсырмасы осындай жұмыстарды жалғастыруға серпін беріп, баспанаға мұқтаждықты азайтуы тиіс.
Аталған бастамалар мен шешімдердің қайсысы болсын, үлкен қамқорлық, нақты бастама және елге көмек деп есептеймін.
Тәшен ОРАЗБЕК,
«Ынтымақ» БПҰ төрағасы,
Қызылорда қызмет көрсету колледжінің директоры.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |