« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі әлемдік өркениеттің даңғыл жолына түскен егемен еліміз үшін маңызды кезеңде өткелі отыр.
Бүгінде үлкен саяси күшке айналған жетекші партия құрылғаннан бастап барша қазақстандық азаматтардың бастамалары мен күш-жігерін, еліміздің жауапкершілігі жоғары саяси күштерін бір арнаға бағыттай отырып, қоғамдағы көшбасшылық рөлін нық ұстап келеді. Елбасының өміршең идеяларының алтын арқауы – Қазақстанды әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосу, «Мәңгілік ел» болу жолында рухани даму сияқты маңызы зор жасампаздық бағыттарын жүзеге асыру.
Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев съезд барысында алда жүргізілетін саяси реформалардың негізгі бағыттарын таныстырады. Яғни, даму жолындағы дара бастамалар саяси элитаның ортақ талқысына салынып, көпшіліктің пайымды пікірлері де ескеріледі деп күтілуде. Еліміздің стратегиялық даму бағытының басымдықтары айқындалып, ел экономикасының одан әрі өркендеуі мен халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мәселелері де күн тәртібінен табылмақ. Әрине, бүкіл отандастарымызбен қатар біздің Сыр өңірінің ардагерлері де осы беделді партия форумының келешекке бағытталған шешімдерінен үлкен үміт күтіп, зор сенім артады.
Серік ДҮЙСЕНБАЕВ,
облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |