« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Алғыс айту күні бұл – барлық этностардың бір-біріне, сондай-ақ, өз жерінде барлық этникалық топтарды өз бауырлары ретінде қабылдап, мейірімділік көрсеткен қазақ халқына деген құрметі мен шексіз алғысын білдіреді.
Мерекенің біз үшін маңыздылығы зор. Сол үшін де жоғары бағалаймын, әрі құрметтеймін. Себебі, корей халқы 80 жыл бойы қазақтың қонақжай жерінде өмір сүріп келеді. 1937 жылы Қиыр Шығыста тұрып жатқан корейлер кенеттен бір сәтте климаттық жағдайы басқа елге жер аударылды. Осы жылдары жер аударылған қанша адам қасіретті күндерді басынан кешірді. Оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сонда қазақ елі біздің ата-бабамызға пана болды. Бізді ұлт пен ұлысқа бөлмей, бөтенсітпей, бар жақсылығын аямады. Сондай қиын-қыстау уақытта Қазақстанды паналаған ата-бабамыз, өзге де ұлт өкілдері осы жерде өсіп-өнді. Біз де солардың ұрпағымыз.
Корей халқы – әлімсақтан өзінің еңбекқорлығымен, табандылығымен танылған жұрт. Қазіргі күні қоғамның барлық саласында еңбек етуде. Осындай жағдай жасаған қазақ жеріне, еліне деген алғысым шексіз. Әкемнің сөзі үнемі жадымда жаңғырып тұрады. Ол кісі қазақтар өздерінің Отанын жоғалтып, сәтсіздікке ұшыраған адамдарға көмектесу үшін қолында барымен бөлісті деп үнемі айтып отыратын. Сондықтан да қазақ халқы барлық жер аударылған халықтардың құрметі мен ризашылығына лайық. Мен мұны әрдайым есте сақтаймын және өзімнің туған еліме пайда әкелетін барлық нәрсені істедім деп ойлаймын.
Біз, жер аударылған этникалық топтардың балалары мұнда шынайы Отанымызды таптық, бұл біздің қабілеттерімізді жүзеге асыруға жол ашты. Қазақтың тегінде қайырымдылық, шыдамдылық, жанашырлық деген қасиеттер басым. Мұндай тектілік жан-жақтан жер аударылып келген этнос өкілдерінің аман қалуына және біздің ортақ үйіміз – Қазақстанымызда бейбіт өмір сүруге мүмкіндік берді. Сол себепті де алғыс айту – қазақ жеріне депортацияланған барлығымыз үшін жасаған жақсы істері үшін қазақ халқына ризашылық білдірудің тамаша себебі.
Юрий КИМ,
«Қазақстан корейлер қауымдастығы»
Қызылорда облыстық филиалы жетекшісінің
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |