ТҰРАҚТЫЛЫҚ –ТҰҒЫРЫМЫЗ

Көктемнің алғашқы мере­кесі – «Алғыс айту күні­нің» біз үшін маңызы ерекше.  Бұл – тарихтың ащы сабағынан тағдыры тартысқа түскен талай ұлт өкілдерінің кең пейіл қазақ халқына деген риясыз алғысын білдіретін атаулы күн! Осынау мерекеде еліміздің бүгінгі бейбіт өмірі мен жас ұрпақтың сенімді болашағы үшін Елбасына алғысымыз шексіз.

Мемлекет басшысының салиқалы саясатын жүзеге асыруда біздің Сыр өңірінде де серпінді істер атқарылып келеді. Аймақ тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақ­сартуда тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып, кәсіпкерлік саласы кең өріс алған. Сонымен қатар, жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру мәселесі де нақты жолға қойылған. Осының барлығы елдегі қоғамдық тұрақтылықтың жемісі.

Мен қырық жылдан астам уақыт қалалық перзентханада еңбек еттім. Мыңдаған сәбилердің өмірге келуіне өз үлесімді қосып, осыншама ата-ананың қуанышы мен алғысын сезіндім. Осынау ортақ мақсат жолында бірге жасасып келе жатқан қазақ халқына әрдайым алғысым зор.

Раиса АЛХАЗОВА,

грек этно-мәдени бірлестігі жетекшісінің орынбасары.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 ақпан 2019 г. 285 0