Қызылорда қаласы Қарауылтөбе ауылында жеке тұрғын үйде газ балоны редукторының олқылығынан газ құрылғысы атылып, үй қабырғасы құлап кеткен. Бұл туралы
ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап хабарлайды.
«23 ақпан күні Қызылорда қаласы Қарауылтөбе ауылында жеке тұрғын үйде газ балоны редукторының олқылығынан газ құрылғысы жарылған. Осының салдарынан 35 шаршы метр аумақтағы қабырға құлап түскен. Өрт болмаған. Үйінді астынан 1979 және 1964 жылғы екі әйел құтқарылды», - деді ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
Төтенше жағдайды жоюға Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар бойынша департаментінің жеке құрамынан 17 адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылған.