Тарихтан сыр шертетін мереке

Келе жатқан мейрам қазақ халқына алғыс айтатын күн. Алмағайып заманда қаншама ұлт осы ұлы даладан мекен тапты.  Жергілікті халық оларға дархандық танытты, барымен бөлісті. Мұны осы жерде өмір сүріп жатқан әрбіріміз ұмытпауымыз керек. 

Керісінше, бір-бірімізге деген сыйластық пен риясыз көңілімізді бұдан әрі сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуіміз қажет. Бұл – бәрімізге артылған міндет, зор жауапкершілік. 

Алғыс айту – бір-бірімізге деген құрметімізді танытады. Оның астарында адамдардың сыйластығы,  өзге этнос өкілдерінің өткенін білдіретін тарихы жатыр. Сондықтан атаулы күнді ризашылық  күні ретінде ғана емес, тарихтан сыр шертетін тағылымды мереке деп білемін.

Өзім он жыл бойы Қызылорда қаласының №7 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық шыршасын ұйымдастырамын. Аяз Ата, Ақшақармен көңілді және қызықты жаңа жылдық концерттік бағдарлама дайындаймыз. Барлық балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстаймыз. Сол кезде балалардың қуанышын көріп ерекше әсерге бөленемін. Өйткені, мен үшін қуаныш пен алғыс сезімі өте қымбат!

Менің ойымша, алғыс білдіру үшін бізге белгілі бір күн немесе ай қажет емес. Біз мұны әрдайым жүрек қалауымен жасай аламыз.


В. ТОЛОКОННИКОВ,

“Қазақстандағы орыс қауымдастығы”

 қоғамдық бірлестігінің облыстық 

филиалы төрағасы.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 ақпан 2019 г. 350 0