« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Сыр өңірі – қадым заманнан бері сан ұлттың басын қосқан киелі мекен. Ешқашан жатсынуды білмейтін, өзгелерді өзіндей көретін, бауырмал жұрттың өлкесі. Сондықтан да болар сырбойылықтар өзгелерден ерекше. Осындай адами қасиеттерінің арқасында киелі өңірде сан ұлттың сәні жарасып, тату-тәтті өмір сүруде.
Тарихқа көз жүгіртсек, елімізге 1937-1938 жылдары бірнеше ұлттың өкілдері жер аударылды. Саяси қуғынның алғашқы құрбандарының бірі біздің ата-бабамыз Қиыр Шығысты мекендеген корейлер болатын. Сол қиын қыстау уақытта қазақ жеріне, оның ішінде Қызылорда облысына кәріс халқының басым көпшілігі келген. Олардың ұрпағы осы жерде еңбек етіп, өсіп-өнуде. Менде солардың бірімін. Туған жерім Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал ауылы.
Қармақшыдай киелі жерде туып, өскенімді үлкен мақтанышпен айтамын. Әлемге танылған ұлы ойшыл, қобызшы Қорқыт Ата, үш жүзге пір болған әулие Марал бабаның кесенесі осы біздің өлкеде. Ұлы өзеннің несібесін елінің қажетіне жаратқан Қармақшы ата әулие де осы мекенде дүниеге келген. Атақты шайыр Тұрмағамбет, Балқы базар, Дүр Оңғардай дараларды мақтан етеміз. Осындай тарихи өлкеде тамыр жаюымызға себепкер болған, бізді бауырына басып, бір үзім нанын бөліскен кең пейілді қазақ еліне мың алғыс айтамын.
Н. ТЕН,
Қармақшы ауданы,
ІІІ Интернационал ауылы,
№ 108 орта мектебінің 11 сынып оқушысы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |