« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Өткен жылдардағы әлеуметтік-экономикалық ахуал тұрақты болды. Бұл – әрине, жақсы кезең. Бірақ, бұл қазіргі уақыт талабы үшін жеткіліксіз», – деп атап өтті Президент. Индустриалды, әлеуметтік, инфрақұрылымдық даму, денсаулық сақтау және білім беру салаларын дамытуға қатысты барлық қажетті мемлекеттік бағдарлама қабылданса да, көптеген бағыт бойынша оң өзгерістерге қол жеткізу мүмкін болмады.
Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі, оның ішінде табыс пен тұрмыс сапасын арттыру әрдайым Елбасы назарында. Өткен жылғы Жолдау да әдеттегідей әлеуметтік салада көп жинақталған қоғамның ең өзекті мәселелерін шешуге бағытталды.
«Мен тұрғындардың табысы мен тұрмыс сапасы әрбір Үкімет мүшесі мен әрбір әкімнің жұмысындағы негізгі басымдық болу керек деп бірнеше рет айттым. Дегенмен, жүйелі жұмыс жүргізілмеді. Тұрғындардың нақты табысы өспеді. Отбасылардың бюджетінде азық-түлікке деген шығын көлемі арта түсті», – дей келе, Президент мемлекет өміріндегі маңызды шешімді қабылдады.
Ал Үкіметтің жаңа басшылығына өмір сүру деңгейін арттыру, экономиканы ынталандыру, стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру жөнінде нақты шаралар әзірлеу міндеттеліп отыр. Жаңа құрам осы үдеден шығады деген сенім бар.
Жандос БАЗАРТАЙ,
Қызылорда облысы «Азаматтық Альянсы»
Қауымдастығының төрағасы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |