Мемлекет басшысы Үкіметтің орнынан түсуін қабылдады

  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметінің орнынан түсуі туралы Жарлыққа қол қойып, Премьер-Министрдің міндетін уақытша атқаруды Асқар Маминге жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Жарлықтың мәтінін  назарларыңызға ұсынамыз.


Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Асқар Ұзақбайұлы Маминге жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

4.   Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

  Президенті                                         Н. Назарбаев

Астана, Ақорда, 2019 жылғы  21 ақпан

                  №  845

 

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 ақпан 2019 г. 571 0