« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
19 ақпан күні түн жарымында жергілікті тұрғыннан түскен хабарлама тәртіп сақшыларын орындарынан көтерді. Ол 7 сыныпта оқитын қызының «ыдыс-аяқты жумадың» деп ұрысқанына бола үйінен кетіп қалғанын жеткізген.
«Жасөсіпірімді ювеналды және патрульді полиция өкілдері жұмыла іздеді. Көпқабатты үйлердің өжіре, шатыр, аулаларын, құрылыс жүріп жатқан обьектілерді, мекемелер аумағын аралап, тұрғындардан сұрастырды. Бала қала тұрғынының хабарламасынан – екі сағаттан кейін ғана ескі базар маңынан табылды. Полицейлер жоғалған қызды ата-анасына аман-есен қолхатпен тапсырды», – делінген хабарламада.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, соңғы кездері ата-анасымен ренжісіп, үйден кетіп қалатын жасөспірімдер көбейген. 14 ақпанда ғана Тасбөгет кентінде колледждің 1 курс студенті сабаққа сол кеткеннен мол кеткен. Себебі әлгіндей, туысқан апасы туған күн кешінен кеш қайтқаны жекіп сөйлеген. Сөйтсе, ол артық сөзге шыдамай сыныптасының үйінен бір-ақ шығыпты. 18 ақпанда тағы бір ұқсас жағдай тіркелді. Колледж студенті арада жеті сағат өткенде «Сабалақ» саяжайынан табылды.
Жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың хабар-ошарсыз кетуіне байланысты 7 дерек тіркеліп, олардың барлығы үй-ішімен есен-сау қауышты. Полиция қызметкерлері осы ретте үлкендер жағына балаларға бақылау мен жауапкершілікті күшейту керектігін қатаң ескертеді.
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |