« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры биылға халыққа тегін қызмет көрсету тұрғысында мекемелермен келісімшарт жасасты. Бұл ретте әлеуетті жеткізушілер қатарында жекелердің саны басым.
Облыс бойынша 91 медицина ұйымы осы тізімде болса, соның 65 проценті жекелердің еншісінде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ облыстық филиалы директоры Руслан Бектібаев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Ысқақов мәлімдеді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылы толық енгізіледі. Бұл бастама тұтас денсаулық сақтау саласының жұмысын жандандыруға септігін тигізбек.
– Өткен жылы 23 қосымша аймақ ашылды. Цифрлы технология – аталған жүйенің алғышарты. Қазір аудандар мен шалғай ауылдардың өзі ғаламторға емін-еркін ене алады. Біз осылай қағазсыз айналымды қолға алып жатырмыз, – деді басқарма басшысының орынбасары.
Ал қордың филиал директорының айтуынша, мамандар тегін медициналық қызметті ұсынумен шектелмейді, оның сапалы орындалуын қадағалайды. Жеке клиникалардың белсенділігі стационарды алмастыруда да байқалады.
– Стационарлық, қала және ауылдардағы емханалық-амбулаториялық, консультативтік-диагностикалық көмектерді көрсетуде жеке клиникалардың үлесі 3 есеге артты. Биыл бұл қатарға оңалту және қалпына келтіруге бағытталған көмек пен стоматологиялық қызмет көрсету де енді, – деді Р.Бектібаев.
Дәулет ҚЫРДАН.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |