Қызылордада полиция көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды
ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік желіде оқиғаның Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кенті аумағында орын алғаны айтылған. Онда полиция көлігі жол жиегіндегі жиектасқа соғылып, біршама зақымданғаны көрініп тұр.
Бұл оқиғаны Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. «Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Автокөлікті қалалық полиция басқармасының қызметкері жүргізген. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделді. Сонымен қатар, оған қатысты тиісті қызметтік тексеру жұмыстары жүргізілуде», - деді Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.