Бүгін - Элизабет Тұрсынбаеваның туған күні

14 ақпан – мәнерлеп сырғанаудың хас шебері, жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаеваның туған күні. 

Мұз үстіндегі спорттан үкілі үмітіміз 2000 жылдың 14 ақпанында Ресей астанасы – Мәскеу қаласында дүниеге келген. Әкесі Байтақ Тұрсынбаев – Сыр өңірінің тумасы. Элизабет бұрын сол шаһардағы «Москвич» эксприменттік жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алды.

Сондай-ақ, Алматы қаласының дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты мен Мәскеудегі орталық әскери-спорт клубында жаттыққан. Аталған қаладағы №37 балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінде шеберлігін жетілдірді. Оның спорттағы жетістіктері жетерлік. Соның бірі ретінде күні кеше АҚШ-тың Анахайм қаласында мәнерлеп сырғанаудан өткен «Төрт құрлық чемпионатында» күміс жүлдегер атанғанын айтуға болады.

Тұрсынбаеваға артылған үміт зор. Себебі ұзақ уақыт бойы әртүрлі себептермен елімізде мәнерлеп сырғанаудан бәсеке қабілетті ешкім болған емес. Бірақ Лиза келгелі бері мәселе шешімін тапқанына өзіміз де куәміз.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 ақпан 2019 г. 576 0