Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев есепті кездесуде барлық саладағы өсу-өркендеу динамикасына тоқталды. Сондай-ақ, цифрландыруға қатысты маңызды міндеттерді іске асыру қажеттілігін сөз етті. Иә, болашақ тың дүниелерді меңгергендердің қолында.
Осыны ескере отырып, біз де жас Цукерберг пен Стив Джобстарды ерте кезден уақыт пен шығынды үнемдейтін технологияға бағыттауды қолға алып отырмыз. Жыл көлемінде түрлі саланы цифрландыру бағытында 37 жоба басталды. Қазір оқушылар Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада орналасқан ІТ алаңда түрлі робототехникалық прототиптердің өндірістік жобасын әзірлеп, лабораториялық симулятор, контроллер мен видеопанельдерде 2D, 3D графикалық жобалардан VR\AR технологиялар бойынша бастамаларын жүзеге асыруда. Оған қоса биыл дарияның сол жағалауынан «Жастар орталығы» ғимараты бой көтерді. Жалпы, бұл ғимаратта орталықтан бөлек, ІТ парк орналаспақ. Бұл – жастар жылында жас буынға табысталатын үлкен сый деп білеміз.
Сәбит ИБАДУЛЛА,
облыстық цифрлық технологиялар басқармасының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директоры.