30 дәрігерді оқытуға облыс әкімінің гранттары тағайындалды

2018 жылы жалпы тәжірибедегі қызылордалық 30 дәрігерді оқыту үшін арнайы гранттар бөлінді. Денсаулық сақтау саласы мамандарының тапшылығын азайту бағытында қабылданған шаралар туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бүгін халық алдындағы есепті кездесуінде айтты.

2016 жылдан бастап медицина саласындағы мамандардың тапшылығын болдырмау үшін Қазақстанның 5 жетекші ЖОО-да облыс әкімдігінің гранты бойынша 42 резидент білім алуда. Биыл өңір үшін қажетті мамандықтар бойынша алғашқы 16 білікті дәрігер оқуын аяқтайды.

Сонымен қатар, 2018 жылы 720 дәрігер мен 767 маман өз білімдерін жетілдіріп, біліктілігін арттырды.

Өткен жылы Қызылорда облысы республикада бірінші болып Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) " Өңірлер денсаулық үшін" Еуропалық желісіне кіргенін атап өткен жөн. Бұл Еуропа елдерінде енгізілетін озық технологияларды қолдауға, денсаулық сақтаудың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға және өңірдегі бастапқы медициналық санитарлық көмек (БМСК) бойынша үздік әлемдік тәжірибені бейімдеуге мүмкіндік береді.

 

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 ақпан 2019 г. 349 0