« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Елімізде ана мен балаға лайықты әлеуметтік қолдау көрсету – халықтың тұрмыс-тіршілігінің деңгейі мен сапасын жақсартудағы негізгі басымдықтардың бірі екені сөзсіз. Бұл мәселе Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұдайы назарында.
Бүгінде аймақтың білім саласында 400-дей көпбалалы ана бар. Оларға кәсіподақ тарапынан әрқашан қолдау көрсетіліп келеді. Сөзіміздің дәлелі, өткен екі жылда 166 «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері Түркістан облысының Түлкібас ауданындағы «Таң нұры» шипажайына балаларымен бірге барып, таулы өңірдің сұлу табиғатын тамашалап қайтты. Комитет жолдамасы ұстаздармен қатар, білім ошақтарында жұмыс істейтін техникалық қызметкерлерге табыс етілді.
Одан бөлек, дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» акциясына белсене қатысып, қайырымды іс жасау жолға қойылған. 2017-2018 жылдары тұрмысы төмен отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 601 балаға акция аясында мектепке бару үшін қажетті құрал-жабдықтар табыс етілді. Сала қызметкерлеріне қамқорлық жасаудың және бір үлгісі әрбір жаңа жыл кезінде көрініс тауып жүр. Соңғы екі жыл ішінде атаулы күн шеңберінде оқуда озат, үлгерімі жоғары 8,5 мың бала осындай қолдауға ие болды.
Азаматтық қоғамның айнымас бөлігіне айналған кәсіподақ тарапынан атқарылатын мұндай игі шаралар әлі да жалғаса береді.
Райкүл БАЙНАЗАРОВА,
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы
облыстық комитетінің төрайымы
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |