Алда тұрған басты мақсаттың бірі – жұмыссыздықтың алдын алу

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді.
– Бұл бағытта өткен 2018 жылы 13 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 1 мың 608 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Бұған қоса, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 952 адам оқу курстарынан өтті. 2017-2018 жылдар аралығында 220 адамға 1 млрд 53 млн теңге көлемінде шағын несие беріліп, 253 жаңа жұмыс орындары ашылды. 2 247 адам қоғамдық жұмысқа, 169 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 563 жас маман жастар тәжірибесімен жұмысқа орналасты», - деді Қызылорда қаласының әкімі.
Айта кету керек, өткен жылы қалада 7785 тұрғын тұрақты жұмысқа орналасып, жыл қорытындысымен жұмыссыздық деңгейі 4,7 процентті құраған.
Өткен жылы қайырымды азаматтар мен жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен "Жүрек жылуы" акциясы аясында "Наурыз", "Ораза", "Құрбан айт" және "Қала күні" мерекелерінде 2800 тұрмысы төмен отбасыға 42 млн теңгенің қайырымдылық көмек көрсетілді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 ақпан 2019 г. 721 0