КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ АРТЫП КЕЛЕДІ

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан кәсіпкерлік саласын дамытуға ерекше қолдау көрсетілуде. Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларында және де бағдарламалық, стратегиялық құжаттарында кәсіпкерлік көкжиегін кеңейтуге, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға барынша басымдық берілуде. Мысалы, Қызылорда облысында «Жаппай кәсіпкерлікті қолдаудың үш жылдығы» аясында кешенді іс-шаралар жоспары қабылданып, тиісті жол карталары бекітілген. Мұның бәрі елді өркендету бағытындағы Елбасы идеяларын іске асыру мақсатында қолға алынып жатқан жұмыстар.

Мен, кәсіпкер ретінде бизнеспен айналысуға ынталы жастарды қолдап, олардың бастамаларын іске асыруына бағыт-бағдар берудемін. Кәсіпкерлік қызметтен бөлек, туған жердің жанашыр, патриот азаматы ретінде әлеуметтік салаға нақты қолдау көрсетіп келемін. Аудандағы өнерлі, дарынды және спортқа бейім жастардың байрақты бәсекелерде өнер көрсетуіне, байқаулар мен жарыстарға қатысуына, ауданымыздың намысын қорғауына атсалысудамын. Жастарға көрсетілген бұл қолдауым Елбасы сөзімен айтқанда «Болашақ үшін салынған инвестиция». Яғни, әрбір кәсіпкер өзінің туған жерінде еңбек етіп, салық төлеп қана қоймай, қолдан келгенше қайырымдылық шараларына белсенді атсалысып, Туған жердің әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуына, өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосуы қажет. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар мен бастамаларым алдағы уақытта да өз жалғасын таба беретін болады. Бұл менің азаматтық парызым, өзім туып-өскен қоғам алдындағы міндетім деп есептеймін.

 

Расул ЕСЕНОВ,

облыстық мәслихат 

депутаты, кәсіпкер.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 ақпан 2019 г. 573 0