Қызылордада жол сапасы жақсарып келеді

 Бірнеше жылдардан бергі Қызылорда қаласының тұрғыны ретінде Сыр елінің дамып, құрылыс саласының қарқын алғанын байқаймын. Қызылорда – аумағы еселеп ұлғайып, халық саны қарқынды өсіп келе жатқан қала болғандықтан, инфрақұрылымға қатысты мәселелері де кезең-кезеңмен шешілуде. 

Соңғы жылдары шет аймақтағы «Әл Фараби», «Саяхат», «Сәулет» шағын аудандарындағы автобус жүретін бірқатар үлкен кө­шелер асфальтталған еді. Биыл облыс әкімінің тапсырмасымен осы аудандардағы кіші көшелердің ахуалы жан-жақты зерттеліп, 322 көше анықталды. Мәселен, «Сая­хат» шағын ауданындағы 42 көшенің 2-не асфальт төселген. Облыстық басылымдардан да оқып білдік, қалған көшелерді жөндеу мақсатынды құжаттар әзірленіп, алғашқы 310 млн теңге қаржы бөлініпті.Қазір тиісті мердігер анықталып, күн жылынысымен жұмыс басталмақшы екен. Сондай-ақ, қазір 2019-2021 жылдарға арналған үшжылдық жоспар түзілгенінен де хабардармыз. Қала шетіндегі аудандарға айрықша көңіл бөлінгенінің нәтижесі, осыған дейін қаланың орталық, кіреберіс көшелеріне баса мән берілсе, енді ішкі жолдар жөнделмек. Жуырда осы жаңалықтарды естіп қуанып қалдық, қала тұрғындары да ризашылықтарын білдіруде.

Амангелді Дәрменбаев, 

Зейнеткер, Қызылорда қаласының тұрғыны.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 ақпан 2019 г. 578 0