« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылордада көші-қон халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов қатысты. Шарада аймақ басшысы орталықтың маңыздылығына тоқталды.
– Елбасы өз Жолдауында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлығы электронды жүйеге ауысу керек екенін баса айтқан болатын. Бұл ретте бүгінгі орталық электронды бағытта, “бір терезе” қағидаты бойынша халыққа сапалы қызмет көрсететін болады. Тұрғындар бір құжат үшін бірнеше мекемеге бармауы тиіс. Бұрын мигранттар еңбек етуге берілетін рұқсат құжаттарын алу және оның мерзімін ұзарту үшін 6 мемлекеттік мекемеге барып, 3-5 күнін жұмсайтын болса, ендігі жерде қажетті құжаттарды осы орталық арқылы бір сағаттың ішінде рәсімдеуге болады. Қазіргі күні еліміз ашық экономика аясында жұмыс атқарады. Шетелден мамандар келсе, ел азаматтары сыртқа оқуға, тәжірибе алмасуға шығады. Сол кезде еш кедергісіз құжаттарын тез арада заңдастырып, рәсімдей алады. Сондықтан орталық ел игілігі жолында қызмет жасайды деп білемін, – деді облыс әкімі.
Бұдан бөлек аймақ басшысы Астанада мемлекет басшысының төрағалығымен өткен қауіпсіздік кеңесінде облыстың дамуына қатысты бірқатар мәселелер сараланғанын жеткізді.
Орталықтың ашылу салтанатында “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов та сөз алып, көші-қон ХҚО-сы арқылы көрсетілетін қызметтер санының артатынын тілге тиек етті.
– Еліміз бойынша 12 көші-қон орталығы жұмыс істейді. Бүгін кезектісін Қызылорда қаласында ашып отырмыз. Қазақстанға келетін еңбек мигранттары көп, бірақ барлығы қызметін заңдастыра бермейді. Бірнеше мемлекеттік органның арасындағы сергелдеңнен олар құжаттарын реттеуге асықпайды. Көші-қон орталығы – көлеңкеде жүрген еңбек мигранттарының заңды түрде тіркелуіне ықпал етеді. Осы ретте көші-қон ХҚО-сы арқылы көрсетілетін қызметтер саны көбейетін болады, – деді.
Айта кету керек, алдағы уақытта «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еңбек мигранттарына арналған көші-қон орталықтарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санын арттырмақ. Бұған дейін орталықта шетелдіктер жұмыс істеуге рұқсат беретін құжатты алып, ҚР аумағына уақытша келетіндер үшін жеке сәйкестендіру нөмірі ғана берілген. Енді ел аумағына уақытша келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды тіркеу, республикадан тысқары тұрақты тұруға шығатындардың құжаттарын рәсімдеу, визалар беру, медициналық тексеріс пен дактилоскопиядан өту, сақтандыру полисін дайындау секілді бірнеше қызметтер көрсететін болады. Өткен жылы Қызылорда облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы 36 577 шетел азаматын тіркеп, 15 614 еңбек мигрантына рұқсат құжатын берген. Өңірде мұндай орталықтың ашылуы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға және көлеңкелі еңбек нарығын қысқартуға септігін тигізеді деп күтілуде.
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,
“Сыр бойы”.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |