« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары С.Сүлейменов өткен жылы өңірімізде инфрақұрылымды дамыту бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Газдандыру бойынша Жосалы, Тереңөзек кенттеріне АГТС құрылысын жүргізуге республикалық және облыс бюджетінен 3 млрд теңге бөлінген. Бүгінде Жосалы кентіне АГТС құрылысы толығымен аяқталса, Тереңөзек кентінде бұл жұмыс биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында іске асырылмақ. Мұнан бөлек сол жағалаудағы жаңа қонысты газдандыруға 650 млн теңге және Шиелі кентіндегі индустриялық аймақты газдандыруға 154 млн теңге бөлінген. Бұл жұмыстарды игеру де биылғы алғашқы жартыжылдық еншісінде.
Жылу жүйелері бойынша Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Байқоңыр қаласындағы ауруханаларды және Арал ауданындағы №83 орта мектептің жылу қазандықтарын көгілдір отынға алмастыруға облыс бюджетінен 188,3 млн теңге бөлінген.
Өткен жыл еншісіндегі игі істің бірі – «Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары бойынша сумен жабдықтау және су бұру жұмыстарын жүргізуге арналған 33 жобаны жүзеге асыруға 5,5 млрд теңге қаралған. Нәтижесінде 211 шақырым су құбыры және 16,5 шақырым кәріз желілері салынды. Сондай-ақ бірыңғай операторға 175 селолық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ететін топтық және оқшау су жүйесін субсидиялауға 2,5 млрд теңге бөлінді.
Құрылыс қарқын алған аймақта өткен жылы да бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтеріп, пайдалануға берілгені белгілі. Облыс әкімінің орынбасары атап айтқандай, 2018 жылы әлеуметтік нысандар құрылысына 13,9 млрд теңге қаржы бөлініп, жоспар 100 процентке орындалған. 30 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді.
Тұрғындарды баспанамен қамтуда көш басынан көрініп келетін облысымыз өткен жылды да жақсы көрсеткішпен қорытындылады. 2018 жылы аймақта барлық қаржы көздері бойынша 70 тұрғын үй салынып, оның 56-сы пайдалануға берілген.
Сол жағалауды дамыту жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күнге 14 көпқабатты үй, 320 орындық балабақша құрылысы жүргізілді. Сондай-ақ «Болашақ» университетінің кампусы, жастарға қызмет көрсету орталығының құрылысы және инфрақұрылым жеткізу жұмыстары да аяқталуға жақын.
Автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары да ойдағыдай жүргізілді. 2018 жылы республикалық және облыстық бюджеттен 13,5 млрд теңге бөлініп, нәтижесінде 277,8 шақырым жол жөнделген.
Жолаушылар тасымалы қызметінде мәселе жоқ. Өткен жылдың жақсы жаңалығы – аптасына 4 рет «Мәскеу-Қызылорда-Мәскеу» жаңа әуе бағытының ашылуы болды.
Өңір экономикасын дамытуға негіз болатын инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары осындай сипат алады.
Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |