Мәжіліс депутаттары Қазалы ауданында

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Бейбіт Мамраев, Нұрлан Дулатбеков, Бақтияр Мәкен, Кәрібай Мұсырман арнайы жұмыс сапарымен Қазалы ауданында болды.
Халық қалаулылары «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының кезектен тыс ХХVІ конференциясына қатысты.  
Одан кейін №249 мектеп-лицейде аудандық білім саласы қызметкерлерімен кездесіп, аудандағы білім саласының қарқынды дамуымен танысты. Жуырда ғана ашылған Е.Бозғұлов атындағы музейді аралады.
Мәжілісмендер амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қазалы аудандық орталық ауруханасының ішін аралап, ақ халатты жандармен жүздесіп, пікір алмасты. Одан кейін Қазалы ауданының төл тарихынан сыр шертетін Ғ.Мұратбаев атындағы мемориалдық музейінде болып, музейдің тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ, балық зауытының ішкі құрылымын аралап, жұмыс барысын бақылады. Жұмыс сапары Жалаңтөс батыр ауылында қорытындыланды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 ақпан 2019 г. 880 0