« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
59 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің мүшесі, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы төрағасының орынбасары Бақытбек Смағұл дүниеге келді.
Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. 1975-1978 жылдары - Қазалы қаласындағы 34-ші селолық кәсіптік-техникалық училищені қызыл дипломмен бітірген. 1979-1981 жылдары Совет Армиясы қатарына шақырылған. Арнайы дайындықтан өткеннен кейін 1979 жылғы 27 желтоқсанда Ауған Халық Демократиялық Республикасында әскери қызмет атқаруға жіберілген.
1981-1985 жылдары Алматы құрылыс техникумын өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс мамандығы бойынша бітірген. 2000-2004 жылдары Орталық Азия университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. 2004-2008 жылдары - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген.
1985-1989 жылдары - Алматы қаласы Калинин аудандық құрылыс-жөндеу басқармасының инженер-техникалық қадағалаушысы. 1989-1995 жылдары - шағын кооператив директорының орынбасары. 1995-1996 жылдары - Алматы қаласындағы Уақытша автотұрақ басқармасының бастығы. 1996-1997 жылдары - «Болашақ» базарының директоры. 1997-1998 жылдары - Алматыдағы «Көк базардың» бас әкімшісі. 1998-1999 жылдары - «Сәлем» базарының директоры. 2000-2005 жылдары - «Тайқазан Техносервис» ЖШС бас директорының орынбасары.
2005-2011 жылдары - Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы төрағасының орынбасары, самбодан әлемнің екі дүркін чемпионы Асқар Шайхиев атындағы Таэкван-до спорт клубының президенті және «Сауап» қоғамдық қорының президенті. 2012-2016 жылдары - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2016 жылғы наурыздан - қазіргі қызметінде.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. Қазалы ауданының «Құрметті азаматы». II дәрежелі «Айбын», «Құрмет», «За заслуги», «Долг и честь» ордендерінің кавалері, Ресей Федерациясының, Ауғанстан Ислам Республикасының, Монғолия Республикасының медальдарымен және құрмет грамоталарымен марапатталған. Таэкван-додан V дан - қара белбеу иегері.
«Ауғанның от жалыны», «Мен көрген соғыс», «Война, которую видел я», «Қан кешкен күндер», «Намыстың құлы - Алаштың ұлы», «Қаhарман», «Үш қырлы жебе» кітаптарының авторы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |