Қызылорда облысы әкімінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі тағайындалды

Мақсұт Ыбрайханұлы Нәлібаев Қызылорда облысы әкімінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

М.Нәлібаев 1961 жылы туылған.

Жамбыл гидро­мелиора­тивті-құрылыс институтын «Ин­женер-гидротехник» жә­не Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін «Заңгер» ма­мандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Кызылордаремводстрой» трестінде инженер ретінде бастаған.

1988-2016 жылдары құқық қорғау органдарында жауапты басшылық қызметтер атқарған.

Атап айтқанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің Қызылорда, Ақ­мола, Қарағанды, Жамбыл, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы ау­мақтық департаменттерін басқарған.

2016 жылдан бастап осы кезге дейін Қазақстан Рес­публикасының Мемле­кет­тік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарып келді.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 ақпан 2019 г. 928 0