"Қайсар" оқу-жаттығу жиыны барысында ресейлік "Нижний Новгород" командасымен жолдастық кездесу өткізді. Тоқсан минуттық тартыста қасқырлар алаңда мықтылығын байқатып, қарсыласын қапы қалдырды. Есеп 2-0.
Өткен жылы Младенов шәкірттері аталмыш командаға 4-2 есебімен есе жіберген. Бүгінгі матч екі команда үшін қарымта кездесу ретінде өрбіді. Кездесу басталысымен ойын басымдығы "Қайсардың" еншісінде болды. Алғашқы шабуылдан-ақ таблодағы есеп өзгерді. Кездесудің 5-минутында команда көшбасшысы Мақсат Байжановтың асырған добына Братислав Пуношевац бірінші жетіп, қарсылас қақпасын дәл көздеді. Санаулы сәттерден кейін арубалық Джон Джошуа сол қапталдан сытылып, қақпашымен жеке шықты. Шеберлігі басым Джошуа әріптесі Братиславқа допты бағыттап, қақпашыны қапы қалдырды. Бос қақпаны нысанаға алған Пуношевац есепті еселеді. Ойынның екінші бөлігінде екі ұжым да шабуыл ұйымдастырғанымен есеп өзгеріссіз қалды. Қызылордалықтардың келер қарсыласы калининградтық "Балтика".
Кездесу 6-ақпанда өтеді.
"Қайсар" – "Нижний Новгород" 2-0
Голдар: 0:1 – Пуношевац (5), 0:2 – Пуношевац (14).
Бірінші тайм: Григоренко, Ламанж, Оршулич, Садовничий, Чуреев, Джошуа, Құрманбекұлы, Байжанов, Нәрзілдаев, Барсегян, Пуношевац
Екінші тайм: Исламқұлов, Әмірсейтов, Оршулич, Граф, Гурман, Алтаев, Абзалов(Махан), Тағыберген, Зенькович, Мбамбо, Карлитос.
"Қайсардың" баспасөз қызметі