« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов саладағы биылғы жылдың жаңалығымен бөлісті.
«2018 жыл біздің өңір, оның ішінде іскерлік орта үшін нәтижелі жыл болды. Облысымызда жарияланған «Жаппай кәсіпкерлікті қолдаудың» үш жылдығы аясында толымды тірліктер атқарылып, жыл қорытындысымен облысымыз бизнеске қолайлы жағдай қалыптастырған көшбасшы өңірге айналды. Мұндай игі нәтижеге билік пен бизнес ортаның, жалпы қоғамдық құрылыстың барлық салалары бірлесе отырып қол жеткізе алды», - деген Палата басшысы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылған 5 жылда бизнестің түйткіліне қатысты кәсіпкерлерден келіп түскен 25 мыңнан астам арыз-шағымның 40 пайызы оң шешімін тапқандығын, бизнес-қауымдастық пен «Атамекен» ұсынысының 73 пайызын Үкімет қабылдағандығын, 5 жылда «Атамекен» 800 мыңға жуық бизнеске сервистік қызмет көрсеткендігін жеткізді.
Соның ішінде Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасымен 5 жылда 26 334 азаматқа 57 334 кеңес беріліп, 9057 сервистік қызмет көрсетілген. 5 жыл ішінде кәсіпкерлер құқығын қорғау жөнінде Палатаға 1094 өтініш түсті. Олардың 560-і оң шешімін тауып, нәтижесінде кәсіпкерлер - 4,5 млрд.тенгеден астам қаржысын сақтап қала алды. Палата заңгерлері кәсіпкерлердің мүддесін білдіру мақсатында 304 сот отырысына қатысып, оның 238 оң шешілді.
Баспасөз мәслихатында Ғалымбек Жақсылықов. «Алғашқы 5 жылдықта кәсіпкерлердің бірнеше жылда қордаланып, жиналып қалған мәселелерімен жұмыс жасадық. Қазір де системалық проблемалар жеткілікті. «Атамекеннің» ендігі мақсаты – әр кәсіпкермен, ал бастысы шағын бизнеспен тікелей байланыс орнату», - деді.
Палата директорының айтуынша, қазір еліміз бойынша нақты жұмыс жасап тұрған 1 миллион 200 мыңға жуық кәсіпкер бар екен. Дегенмен, қазіргі уақыттағы мәліметтер базасында деректер толық емес.
«Біз бизнес өкілдерімен ұдайы байланыста болу үшін, әр кәсіпкердің жеке түйткілді мәселелерін, әр кәсіпкердің пікірін білу, қажеттілігі мен сұранысын айқындау үшін ең алдымен ол кәсіпкер туралы қолымызда мәлімет болуы тиіс», - дейді Кәсіпкерлер палатасының басшысы.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жылды Қазақстан бойынша барлық бизнес-субъектілер арасында сауалнама жүргізуден бастады.
Сауалнама екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезең – телефон арқылы 4 сұрақтан тұратын сауалнама. Сауалнаманың екінші кезеңінде Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері бизнес-объектілеріне барып, кәсіпкерлермен жеке сұхбаттасуда.
Статистикалық көрсеткіштерге сүйенсек, 2018 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша облысымызда тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 51 872-ні құрайды. Ал нақты жұмыс жасап тұрғаны 42 585.
Ғалымбек Жақсылықов: «Сауалнама жүргізу жұмыстары Палата қызметкерлерімен жасалуда. Апта басталғалы пилоттық режимде 250-ге жуық кәсіпкермен кездесіп, проблемаларын тыңдап, сауалнама жүргіздік. Бастамасы жама емес. Біз өңірдегі кәсіпкерлермен кездесіп, сауалнама жүргізуді мамыр айына дейін бітірсек деп жоспарлап отырмыз», - дейді.
Сауалнама аясында жиналған ақпарат Ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалдарының жұмысын күшейту мақсатында барынша бірегей мәлімет болмақ. Мәліметтер толық жиналып болғаннан кейін кәсіпкерлердің проблемалары жүйелендіріліп, «Атамекен» Үкіметпен, Кәсіпкерлер палатасы өз кезегінде жергілікті атқарушы органдармен бірге отырып, шешетін болады.
Бұған қоса «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы онлайн-сауалнаманы іске қосты. Ол үшін сілтемеге өтіп, сауалнаманы толтырып, сұрақтарға жауап беру жеткілікті. Сауалнама қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.
Сілтемелері:https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdVrQH7EO-874Li3NAxwmbd-QBBV_m3W5PKKb2ep5J9PfHdJw/viewform
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSd7NpNmk1O3fhSHdFKWrpiMXotM-luIuWyuMwGEq2HC_1urSg/viewform
Сауалнама:
- негізгі мәселелерді анықтау және шешу;
- кәсіпкерлермен тығыз кері байланысты орнату және кәсіпкерлердің өзекті деректер базасын жинақтау;
-онлайн-қызметтерді ұсыну мақсатында жүргізіледі.
Баспасөз мәслихатында Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау көрсету бөлімінің бастығы Фархад Әбжаппаров «Атамекен» жасаған кәсіпкерлерге арналған Аtameken Services порталының тегін сервистік қызмет түрлерімен таныстырды. Порталда 60-тан астам онлайн режимде берілетін пайдалы және тегін қызмет түрлері шоғырланған.
«Atameken Services» - бұл бизнеске арналған пайдалы әрі тегін қызметтер ұсынатын платформа!
«Несие агрегаторы» – кеңседен шықпай-ақ онлайн- түрінде жеңілдікпен несие алуға бір өтінім толтырып, еліміздің барлық қаржы институттарымен банктеріне тапсырыс бере аласыз.
«Atameken.Academy» – «Бастау» мен «Бизнес-мектеп» оқу жобалары бойынша ақпарат аласыз.
Онлайн-курсына қатысып, сертификаты кеңсе мен үйден шықпай-ақ алуға болады!
Құқық қорғау – Бизнес жүргізуде түйіткіл туындаса өтінім қалдыра аласыз. Сарапшылар қысқа мерзім ішінде мәселеңізді кәсіби түрде шешуге атсалысады.
Сонымен қатар, бизнес-жоспар құру, салықтық есептеу, нарыққа маркетингтік зерттеу жүргізу – барлығы 60-тан астам СЕРВИСТІК қызметтүрі НЕГІЗГІ төрт бағыт бойынша тегін көрсетіледі!
services.atameken.kz-ке тіркеліңіз!
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |