ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы лауазымына Абатов Жасұлан Уәлиұлы тағайындалды. 

Жасұлан Абатов 1979 жылы туған. Қазақстан Республикасы Тергеу комитетінің Алматы жоғарғы тергеу мектебін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 1999 жылы Қызылорда облысының ішкі істер органдарында тергеуші болып бастаған.2004-2013 жылдары Кеден органдары мен жеке секторда жауапты басшылық қызметтер атқарған.2013-2016 жылдары «Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде топ басшысы, директордың орынбасары.2016 жылдан бастап осы кезге дейін «Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарып келді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қаңтар 2019 г. 621 0