« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазір кәсіптің түрі көп. Кілтін тапқан ісін дөңгелентеді. Кейде жеңіл іс деп қарайтын шаруаны жүргізіп, әжептәуір табыс тауып отырған жандарды көргенде таңданатынымыз бар. Солардың бірі – қала тұрғыны Ақылбек Наурызбаев.
Ақылбектің негізгі мамандығы – бағдарламашы. Бірақ оның жалақысы отбасын қамтамасыз етуге жеткіліксіз болды. Сондықтан қосымша жұмыс жасауды жөн санады. Ол тозған жиһазды қоқысқа тастамай қалпына келтіруге бел байлады. Алғашқы жұмысын өзінен бастады. Үйде ескірген орындықты жөндеді. Базардан 1000 теңгеге зат алып, орындықты қаптап шықты. Мұны көрген туыстары Ақылбекке жиһаздарын қайта әрлетті. Жас жігіттің бұл ісіне құлшынысты арттыра түсті. Қажетті құрал -жабдықтарын түгендеуге кірісті. Жиһаздың материалы қатты болғандықтан оған бөлек тігін машинасы қажет. Сол себепті ол шағын несие алып, Алматы қаласынан 300 мың теңгеге тігін машинасын алдырды.
Содан кейін Ақылбек әлеуметтік желілерге хабарлама орналастырды. Бірақ екі айға жуық уақыт оған ешкім қоңырау соқпапты. Бұл жұмыстың реті келмеді деген жігіт күнделікті жұмысына барып келіп жүрді. Бірде телефоны шыр ете қалды. Тұтқаны алғаны сол еді «хабарландыру бойынша телефон соғып тұрмын» дегенде қуанғаны бар. Алғашқы тапсырысын жиырма күнде орындап шықты. Жиһазының сыртын қайта қаптап, жаңартқаны тапсырыс берушіге ұнады. Келіскен қаржысын беріп, алғысын айтты. Ақылбектің ісіне сенімділігі мен жауапкершілігі артты. Уақыт өте келе тұтынушылар қатары артып, шаруасының берекесі кірді. Алматы, Шымкент қалаларынан қажетті материалдарды тапсырыспен алады. Өнімдер Ресей, Түркия және Қытай елінен келеді. Сапасының жақсы болғанын қалайтындар қымбат материалмен қаптатады екен.
Қазір Ақылбек ісіне біршама ысылып қалды. Онлайн курстарға қатысып, білімін жетілдіріп отырады. Жұмысын жалғыз өзі жүргізеді. Матаны пішіп, тігеді. Сәнді таспа шегесі мен ағаштарды да пайдаланады. Бүгінде айына 3-4 тапсырыс орындайды екен. Енді ол ескі дивандарды сатып алып, оны қаптап, жаңартуды қолға алмақ. Сонымен бірге заманауи құрал-жабдықтар алып, жиһаздарды жаңа үлгіде қаптауды да жоспарлап қойыпты. Ақылбек интернеттің тиімділігін де пайдаға асырды. Ол жасаған жұмыстарын суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жүктейді.Тапсырыс осылай қабылданады. Тұрақты тұтынушылары да бар. Болашақта заңды кәсіпкер атанып, мемлекеттік бағдарламаның игілігін көрсем дейтін Ақылбектің ертеңге сенімі нық.
Сара Адайбаева.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |