"Сыр медиа" академиясы ашылды

 

«Сыр медиа» ЖШС жанынан ақпарат саласының қызметкерлеріне арналған академия ашылды. Мақсат – жергілікті журналистердің білімін арттыру, салалық журналистикаға бағыттау және өзекті тақырыптарды талқылау. 

Өзінен гөрі қаламы мен хабары жүйрік журналистерге жылдам әрі обьективті ақпарат тарату өте маңызды. Қазіргі заманғы медиа трендтермен қатар сауатты жаза білу де алдыңғы орында. Академия алаңында журналистер алдағы уақытта тақырып таңдау, зерттеу мақаласын жазу, сараптамалық мақала жазу, мәтінді өңдеу, сайт жұмысын жетілдіру ісінде контент пен рейтинг мәселелері төңірегінде тәжірибе алмасады. Сондай-ақ, «Сыр медиа» радиостудиясында дыбыстау және монтаждау жұмыстарымен таныспақ.

Академияның бір маусымы үш айға созылады. Ал апталық дәріс ұзақтығы – 21 сағат. Мұнда  тәжірибелі тілші, ақпарат саласының үздіктері дәріс беріп, маусым соңында қатысушыларға сертификат табысталады.


Айдана ЖҰМАДИНОВА,

«Сыр бойы».

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қаңтар 2019 г. 846 0