« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Аймақта тамшылатып суару әдістерін қолдана отырып, көкөніс өсіру жұмыстары жалғасуда. 60-тан аса жылыжай жұмыс жасап тұр. Осындай кешен салып, аймақтағы баға тұрақтылығына септігін тигізетіндер саны артып келеді. Ауыл шаруашылығы басқармасының көрсеткішіне жүгінсек, 2018 жылы облыста барлығы 7 гектарға жуық алқапта жылыжай жұмыс істеп, 385 тоннадан астам өнім жиналған.
Қала аумағында салынған 122 жылыжайдың бүгінде 52-сі жұмыс жасайды екен. Олардың барлығы өңір сұранысын толықтай қамтымаса да, тұрғындардың қажетін ішінара өтеп тұр. Атап айтқанда, қаланың батыс бөлігінен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның есебінен 5 гектар жерге құрылыс жүргізіп, жылыжай кешенін салған жеке кәсіпкер «Натишаева» мен «Oрда» шаруа қожалығы 100 тоннадан аса өнім алған. Сонымен қатар, «Натишаева» жеке кәсіпкерлігінің Қарауылтөбе ауылында өз қаржысы есебінен салынған жалпы көлемі 1 гектарды құрайтын жылыжайда былтыр егілген көкөністен барлығы 65 тонна қияр, 23 тонна қызанақ жиналған. Бұдан өзге «Ақбота-Бақдәулет» ЖК есебіндегі 0,4 гектарлық жылыжайдан екі маусымдық кезеңді қамтығанда 1,5 тонна қияр, 1,7 тонна қызанақ алынып, қаланың сауда орындарында сатылған. «Натишаева» жылыжайындағы өнім қазіргі таңда жиналу үстінде, ал «Ақбота-Бақдәулет» кешенінде көкөніс көшеттері маусымдық кезең бойынша отырғызылған.
Тағы бір сүйіншілейтін жаңалық, биыл Қызылорда қаласында «ҚазАгроМир» ЖШС-нің көлемі 2 гектардан асатын автоматтандырылған кешенді жылыжай жобасы іске қосылмақ. «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы қаржыландырылған жылыжай жаңа технология негізінде жұмыс істейді. Қазіргі таңда құрылыс толық аяқталып, су және электр жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілуде. 1 миллиард теңгеден астам қаржыны құраған бұл жоба арқылы жылына 900 тонна томат өндіріледі деп жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, Шиелі ауданында 20 жеке кәсіпкердің бірігуімен жалпы көлемі 2 гектар болатын, қуаттылығы жылына 60 тонна көкөніс өнімдерін өндіретін жылыжай желісінің құрылысын салу жобасы да бар. Мұнан өзге, алдағы уақытта «Орда» шаруа қожалығы жылыжай аумағын 5 гектарға кеңейту жұмыстарын жүргізбек. Аталған нысандар іске қосылса, аймақ кәсіпкерлігінің көкжиегін кеңейтетін жылыжай шаруашылығы алға басар күн де алыс емес. Қытай мен көршілес өзбектің өнімін өздеріне ысырып, еліміздің әр түкпіріне Қызылордадан қызанақ пен қияр тасымалданады деген мол сенім бар.
Ержан Қожасов.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |