« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
– Бүгінгі жастарда көп дүниеге сұраныс бар. Басым бөлігінің көзі ашық, өзіндік талғамы, таңдауы қалыптасқан. Бірақ сұраныс екі түрлі бағытта: бірқатары инновацияға, шетелде білім алуға бет алған. Кейбірі керісінше мәдениетке жат дүниелерге бейімделуде. Алайда, жастарда сұраныс болуының өзі жетістік. Біз керісінше жастар қызығатын дүние таппай қалудан қорқуымыз қажет. Шетелдік топтарға қызыға ма, әлеуметтік желіні жиі қолдана ма, мейлі. Бастысы, оларда талғам бар. Демек, оларды дұрыс таңдау жасауға итермелеуге болады. Сондай-ақ, қазір жастардың көбі жақсы өмірді қалайды, сын айта алады. Бұл да дамудың белгісі. Себебі, бірдеңені дұрыстайтын, дамытатын адамдар алдымен сын айтуды үйренуі керек қой.
Өз ойым, жастарды көп қолдаудың қажеті жоқ. Оларға мүмкіндік пен таңдау беру керек секілді. Пайдалануы не немқұрайлы болуы өз еркінде. Бастысы, жетістікке жету жолында қиындықты өзі еңсеріп үйренуі қажет. Әйтпесе, инфантильді, қолынан түк келмейтін, жалтақ жастар көбеюі мүмкін. Бүгінде «бизнес аштым, қолдау керек. Кәсібім жүрмей қалды, мемлекет кінәлі. Жұмыс тауып беруі керек» дейтін жастар көбейді. Мұндай көзқарастағы жастардың саны артпауы үшін алдын алу керек секілді. Жалпы, Үкімет тарапынан жастарға қолдау жан-жақты. Өткен жылы мемлекетте кәсіпкерлерге көп мүмкіндік берілді. Салық жүйесінде, сотта да, тіпті қарапайым тексеру кезінде де мемлекет кәсіпкерге жақ болды. Биыл жастарға мүмкіндік беріліп, жастар көбірек іздену керек. Сондай-ақ, бұл жылы оқу орындарындағы тәжірибе алмасу мәселесіне қатаң қадағалау болса. Білім алу кезінде өндірістік тәжірибе алмасуға бармаған, жұмыстың қиындығын көрмеген, түсінбеген түлектер көпке дейін мамандығы бойынша жұмысқа тұра алмайды. Біліміне сенімсіз адам өзіне де, болашағына да сенімсіздік танытатыны белгілі. Сондықтан, оқу орындарында бұл механизм күшейтіліп, қатаң қадағаланса деймін.
– Өткен жыл «Нұр Отан»партиясы және «Жас Отан» ЖҚ үшін табысты өтті. «English for jastar» жобасыаясында 350-ге жуық оқушы ағылшын тілін үйренсе, «Білім орталығы» жобасыбойынша барлық аудандағы кітапханалар жаңғыртылды. Жастардың уақытын тиімдіөткізетін білім орталығына айналды. «Сәтті қадам» жобасы арқылы 8-11 сыныпоқушыларын кәсіпорын, цех, зауыт жұмысымен таныстырып, сала мамандарымен сұхбатұйымдастырдық. Мамандық таңдауда көзбен көріп, көңілге түйгеннің пайдалыболатыны белгілі ғой. Ал, жастар жылына орай облыстық «Жас Отан» ЖҚ тыңбастамаларды жоспарға енгізуде. Республика бойынша «Жастар жылындағы жетістік»атты ауқымды акцияны бастамақшымыз. Шарада әрбір жас биыл бағындырғанбелестерін, жеңістерін әлеуметтік желіге «#JJJ2019» белгісімен жариялап отыруықажет. Жыл соңында акция қорытындыланып, жеңімпаз жастар туралы арнайы жинақшығарылады. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, жастар арасындағыкәсіпкерлікті дамыту мақсатында жұмысшы топ құруды жоспарлап отырмыз. Мұнанөзге, жастар мәселесін талқылау үшін форум, вайнерлер байқауын, жас тарихшыларконференциясын өткізбекшіміз. Ал, атқа міну мәдениетін жалғастыру, дәстүрдіқайта жаңғырту мақсатында наурыз мерекесі секілді үлкен көлемдегі «Ұлы далаелі» атты жастар фестивалін ұйымдастыру ойда бар.
– Жастар жылына қатыстыбастамалар республикада енді ғана күш алып келе жатқаны болмаса, аймақта облысәкімі Қырымбек Көшербаевтың бастамасымен жастарды қолдау бірнеше жылдан бері ісжүзінде жүзеге асып келеді. Көршілес Ресейде білім алып, елге оралған алғашқытүлектер – осы бастаманың оң нәтижесі. Тіпті, бұл – басқа облыстардағы атқарушыбилік өкілдеріне жақсы идея.
Мен де облыс әкімдігініңқолдауымен осы мүмкіндікке ие болған жас ретінде салыстыра айтар болсам, екіелдің жастары бірдей деңгейде. Мемлекет тарапынан жасалатын жағдайға келерболсақ, қоғамдық көлік жолақысына жеңілдікке бізде мектеп оқушылары ғана иеболса, Ресейде студенттер мен магистранттарға да жеңілдік қарастырылған.Меніңше, біздің ел жастарына мамандық таңдауда, ЖОО-ға тапсырарда көбіреккөмектесу қажет. Оқушы кезінде дұрыс мотивация беріліп, әлемдік деңгейдегіЖОО-ға не жұмыс орнына керекті құжаттар тізімін көрсете отырып, болашақтағыперспективалармен қызықтыра білсе жақсы болар еді. Мұнан артық жастарғақолдауды білмедім. Әйтпесе, бірен-саран әбден ізденіп, зерттейтіндер болмаса, көпшілігі шетелде оқу мүмкіндігінен бейхабар қалып жатады. Дәл осы секілді,отандық кәсіпорындардың қолдауы, жастарға қарастырылатын жеңілдіктер туралыжастар арасында үгіт-насихат жүргізілсе, артықтық етпейді. «Сайтта бар,интернетте тұр ғой» дегенмен, көбі дәл уақытында білмей қалып жатады.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |