Сайлаубай Жұбатырұлы 1948 жылы 11 қаңтарда Қызылорда облысының Арал ауданындағы Бөген ауылында туған.
ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, «Қазақфильм» киностудиясында, Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде, Қазақ телевидениесінде, М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрында жауапты қызметтер атқарды. Тұңғыш рет 1967 жылы «Білім және еңбек» журналында «Аралды қайтсек сақтаймыз?» деген проблемалық мақаласымен, «Қазақстан пионері» газетінде жарияланған «Боз айғыр» әңгімесімен көрінді.
1971 жылы жастарға арналған шығармалардың жабық бәйгесінде «Алыстағы аралдар» повесімен 2орынды жеңіп алды. «Отты өткел», «Бумеранг» повестері, бірсыпыра әңгіменовеллалары «Жасыл сағым» (1978), «Алыстағы аралдар» (1980), «Зеленый мираж» (орыс тілінде, 1984) жинақтарында және бірнеше ұжымдық жинақтарда жарық көрді. «Алақандағы ұя» әңгімесі әлемнің бес тілінде жарияланды.
«Қазақфильм» түсірген толық метражды көркем фильмнің («Бумеранг», 1981), Қазақ телевидениесі түсірген «Күзгі жол» көркем телефильмінің (1987) авторы. Елуге тарта көркем фильмді аударған. «Абыржы» (2000–2003) трилогиясының екі кітабы жарыққа шықты.
1967 жылдан Арал, Сырдария, Байқоңыр, Балқаш көлі мәселелерін көтерген экологқаламгер. «Кіші Арал», «Қазақстан арнасы» идеяларының авторы.
2007 жылы «Парасат» орденімен марапатталған.
2008 жылғы Отандық әдебиет саласы бойынша ҚР Мемлекеттік стипендиясының иегері.
"Әдебиет" порталы