"ЖАЛАҒАШ ЖАРШЫСЫ" ГАЗЕТІНЕ - 85 ЖЫЛ

Бүгін аудандағы халықтың тіршілігінен, әлеуметтік әл-ауқатынынан, руханияты мен қоғам тынысынан хабар тарататын аудандық "Жалағаш жаршысы" газетінің 85 жылдық мерейтойы.
“Жалағаш жаршысы” газеті – аймақта өзіндік өрелі тарихы бар, бағыт-бағдары айқын, аудан жұртшылығы сүйсіне оқитын, тамыры тереңнен бастау алатын беделді басылымдардың бірі. Сондықтан да, “Жалағаш жаршысы” газетінің мерейтойы бүкіл аудан жұртының ортақ қуанышы, ортақ мерекесі деп айтуға болады.
Тарихы терең басылым сонау 1934 жылдан бастап жарық көріп келеді. Газет редакциясының іргелі әдеби орта болып қалыптасуына алдыңғы буын аға ұрпақ өкілдері, қарымды қаламгерлер зор үлес қосып, еселі еңбектерімен ел жадында мәңгі сақталып қалды.  
Қоғамда идеологияның басты құралы болып саналатын басылым қай уақытта да елдi бiрлiкке шақырды, қиын шақтарда елдiң патриоттық рухын көтерiп, халық шаруашылығын дамытуға, еңбек қаһармандарын халық арасында насихаттауға қызмет еттi.
Елiмiз егемендiк алғаннан кейiн Тәуелсiздiгiмiздiң жемiстi қадамдарын, саяси оқиғаларды, қоғамдағы өзгерiстер газеттің басты тақырыбына айналды.
Аға буын өкілдері ақпарат айдынында өз міндеттерін орындап, биік белестерден асып жатса, кейінгі толқын да аға-апалар салған сара жолмен жүріп, абырой биігінен көрінуде.
Аудандағы "халықтың үніне" айналған басылым ұжымына алдағы уақытта да шығармашылық табыс, зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, азаматтық және кәсіби мәртебе тілейміз. Қаламдарыңыз ұшталып, жаңалықтың жаршысы болып жүре беріңіздер дегімізі келеді!

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қаңтар 2019 г. 937 0