« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Сол жағалауда қоныс той тойлайтын күн де алыс емес. Өткен жыл аяғында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» «Өз үйім» бағдарламасы бойынша сол жағалаудағы жаңа үйлерді табыстауға конкурс жариялады. Жаңа ауданнан баспана алудың жолын банк филиалының директор орынбасары Ілияс Жұрыновтан сұраған едік.
«Өз үйім» бағдарламасы бойынша өткен жылдың 24 желтоқсаны мен биылғы жылдың 14 қаңтары аралығында байқау жарияланыпты. Сол жағалаудағы алғашқы 5 үйдің 1-3 қабаттағы екі-үш бөлмелі пәтерлерінен тұрғындар аталған бағдарламаға қатысу арқылы үй ала алады. Бүгінде тұрғындардың өтініші банк филиалының «Қызмет көрсету» бұрышы мен интернет арқылы қабылдануда.
– «Өз үйім» бағдарламасы 2015 жылдан бастап жүзеге асуда. Әдепкіде бағдарлама талабы бойынша алғашқы жарна үй бағасының 30 процентін жинақтау және несиенің жылдық үстемесі 8,5 процент болса, өткен жылдан бастап алғашқы жарна 20 процент және несие 7 процентпен беріле бастады. Бағдарламаның бір тиімді тұсы, кез келген адам қатыса алатындығы. Ең бастысы, төлем қабілетін растаса болды. Атында жылжымайтын мүлік болғаны да кедергі емес және кез келген қаладан үй алуға мүмкіндік бар,– дейді І.Жұрынов.
Байқау жарияланғалы сол жағалаудан пәтер алуға 501 өтініш түсіпті. Сонда табыстауға дайын 115 пәтердің әрқайсысына 5 өтініштен келіп тұр деген сөз. Әлі де уақыт бар екенін ескерсек, байқау мерзімі аяқталғанша өтінім саны көбейетіні белгілі.
Байқау шарты қандай деген сауал кім-кімнің де көкейінде тұрғаны даусыз. Банк басшылығының айтуынша, өтінім тапсырғандардың ішінде бірінші кезекте пәтер алатындар компьютер арқылы автоматты түрде анықталады екен. Яғни, бағалау көрсеткіші жинақтауға байланысты болғандықтан, көп ақша жинай білген салымшылар баспанаға бұрынырақ ие болмақ. Әрине, банк талабы бойынша әрі қарай құжат жинау, табысты растау секілді жұмыстармен жалғасатыны белгілі.
Айта кетелік, «Өз үйім» пәтерді 14 жылға береді. Алғашқы 8 жылда салымшы несиені 7 процентпен, кейінгі 6 жылды 3,8 процентпен төлейді. Мәселен, үш бөлмелі үй алсаңыз, алғашқы 8 жыл ай сайын 67800 теңгеден, сонан кейін 6 жылда 49863 теңгеден төлейсіз.
Бағдарлама бойынша сол жағалаудан үй беру әлі де жалғасын таппақ. Қаңтар айының 10-нан тағы 87 пәтерді табыстауға байқау жарияланбақ. Тағы бір ерекшелігі, биылғы жылы «Өз үйім» бағдарламасы бойынша пайдалануға берілетін үй бағасының арзан екендігі.
– Елорданың 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына орай сол жағалаудағы алғашқы үйлердің бағасы арзандатып берілуде. Әр шаршы метрі –120 мың теңгеден, – дейді филиал директорының орынбасары І.Жұрынов.
Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |