« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және бала тәрбиесінде ата-аналарды қолдау шаралары әлемнің назарында тұрған өзекті мәселенің бірі. Бұл бағытта Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) 1992 жылдан бері Қазақстанның алты облысында жүйелі жұмыс жасап келеді.
Оның ішінде Қызылорда облысы әкімдігімен тұрақты әріптестік аясында бала өмірін зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесінде бірқатар нақты шаралар қолға алынған. Деректерге сүйенсек, аталған халықаралық қордың Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный бір сұхбатында былай деген екен: “Әрине, бұл шараларда бірден нәтиже болуы мүмкін емес. Алайда төрт-бес жылдан кейінгі көрсеткіш бойынша нәтиже байқалды. Мәселен, 2012-2017 жылдар аралығында Қызылорда облысында суицид жағдайы 2, 2,5 есе азайған. Бұл – бала өмірі мен тәрбиесіне қатысы бар мемлекеттік мекемелермен бірлесе атқарылған жұмыстың нәтижесі”.
Осы қормен тұрақты байланыстағы алты облыста балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы “Есті! Сөйлес! Құшақта!” коммуникациялық науқаны шегіндегі шаралар қолға алынған болатын. ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі және Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қолдауымен бұл науқандық шараны ЮНИСЕФ ұйымдастырып отыр.
Қаладағы №278 орта мектепте осы тақырыпта кездесу өтті. Кездесуде ЮНИСЕФ ізгі ниет елшісі, шахмат бойынша бірнеше дүркін әлем чемпионы Динара Сәдуақасова аталған қордың балалар өмірі мен қоғамдағы орны туралы пікірімен бөлісті.
– Балаларды зорлық-зомбылықтан, күш көрсетуден қорғау мәселесін мен әрдайым қолдаймын. Бала – отбасының болашағы. Сондықтан әрбір ата-ана бала тәрбиесіне байыппен қарап, олардың олардың еркін ойлы, ерік жігері мықты болып өсуіне жағдай жасауы қажет. Яғни, бала ересек өмірде кез келген қиындықты жеңуге қабілетті болуы үшін ата-ананың, отбасының оны жақсы көріп, қолдауы маңызды, – дейді ол.
ЮНИСЕФ және Қазақстандағы адам құқықтары бойынша ұлттық орталық жүргізген зерттеулер нәтижесінде еліміздегі ересектердің 39,5 проценті балаларды тәрбиелеу мақсатында физикалық күш көрсеткен. Ал, 75 проценті оларды жазалау әдістерін қолдануды дұрыс деп тапса, тек 32,2 проценті ғана бұл бағыттағы жөнсіз әрекеттерді түйткілді мәселе ретінде қабылдаған. Бұл бағыттағы шаралар туралы облыстық білім басқармасының балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің әдіскері Ләйла Барахатқызы тарата айтты:
– “Мектепте зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған орай әрекет ету бағдарламасы” алғашқы кезде аймақтың жеті мектебінде пилоттық жоба ретінде енгізілген болатын. Бүгінде бағдарлама бойынша 50-дей мектеп жұмыс жасайды. Бұл бағытта бірінші кезекте білім беру мекемесінің директорлары, оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар мен психологтар және мектеп инспекторлары арнайы оқу курсынан өтті. Халықаралық ауқымда нақтыланған озық тәжірибелер назарға алынып, нақты жұмыстар жүзеге асырылып келеді.
Семинар барысында қоғаммен байланыс жөніндегі маманы Динара Салиева Қызылорда облысымен әріптестік байланыстың белсенділігі жоғары екенін, соған сәйкес жұмыс нәтижесі де көңіл қуантатынын атап өтті. Сондай-ақ, ЮНИСЕФ-тің еліміздегі ұлттық кеңесшісі, балалар мен отбасылық психолог Ирина Мацкевич ата-аналардың балалар тәрбиесіндегі басты қателігі мен артықшылықтарын психология тұрғысынан түсіндірді.
Шараға мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, әлеуметтік қызметкерлер, қор бағдарламасы бойынша жұмыс жасайтын педагогтар мен медицина мамандары қатысты.
Ғазиза ӘБІЛДА,
Суретті түсірген
Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |